
Мектеп-гимназияда "Құқықбұзушылық және зорлық-зомбылықтың алдын алу" тақырыбында өткізілген кездесуге Байзақ АПБ ЕҚҚІт-нің аға жедел уәкілі полиция капитаны Құрманалы Бекзат, жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Тұрлыбаев Қайрат қатысты. Кездесу 8-10-сынып оқушыларымен өткізілді. Кездесу барысында спикерлер әкімшілік құқық бұзушылық жайлы ақпарат берді жане құқықбұзушылық, зорлық-зомбылық, кибербуллинг, электрондық темекінің зияны, вейб, жол ережесін сақтау, өзара қарым-қатынас, қауіпсіздік ережелері, түнгі уақытта жүруге тыйым салынатындығы, ақша жинау, бопсалау мәселелері туралы айтылды. Кездесу соңында оқушылар сала мамандарына сұрақ қойып, кері байланыс орнатты. Қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісті.