06
декабрь
2023
КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ!
Мектеп-гимназияда “Қоғамдық тәртіпті сақтау-ортақ міндет” тақырыбында Байзақ АПБ-нің бастығы полиция подполковнигі Нұралиев Д.А., Байзақ АПБ ЖПҚб ЮПТ УПИ полиция аға лейтенанты Аймбеков Р.Д. 9-сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында жасөспірімдер арасында кең тараған құқық бұзушылықтар мен әкімшілік жауапкершілік шаралары туралы айтты. Сонымен қатар, бүгінгі таңда жастардың көпшілігі өздерінің заңға қарсы әрекеттерінің ауыр немесе түзетуге қиын салдарын түсінбейтінін атап өтті. Пікіралмасу форматында өткен кездесуде оқушылар өз тараптарынан ұсыныстарын білдіріп, құзырлы

орган өкілдерімен ашық диалог орнатты.


