11
февраль
2025
🔸15 ақпан – Ауған соғысы ардагерлерін еске алу күні. Биыл сол соғыстың аяқталғанына – 36 жыл толуына байланысты мектеп- гимназияда «Ерлікке тағзым» тақырыбында Ауған соғысының ардагерімен кездесу өткізілді.


Мақсаты: Ауған соғысы ардагерлерінің ерлігін еске алу. Жастарға патриоттық тәрбие беру. Ардагерлердің естеліктерімен бөлісуіне мүмкіндік жасау. Тарихи оқиғалар туралы шынайы ақпарат тарату.
Кездесуге Ауған соғысының ардагерлері Курбанов Мурат, Хайтов Ораз, Алманов Құрал ағаларымыз қатысты. Шараға қатысқан ардагеріміз оқушылармен сұқбаттасып, соғыс жылдарындағы қиын кезеңдермен және бастан кешкен қызықты оқиғалармен, Отанға деген құрмет сезімдерімен бөлісті. Сонымен қатар, өнерлі оқушыларымыз би билеп, патриоттық әндер шырқап, жүректен шыққан өлең жолдарын арнап, керемет көңіл-күй сыйлады. Кездесу соңында мектеп-гимназия директоры Ермекова Гульбахрам Серікқызы бүгінгі іс-шараға қатысқан Ауған соғысының ардагерлерін мерекесімен құттықтап, ардагерлердің өжеттігін үлгі етуге, оқушыларды ерлікке әрдайым тағзым етуге шақырды.