15
февраль
2024
ТАНЫМДЫҚ САБАҚ ӨТТІ!
Мектеп-гимназияда Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына арналған «Ауғанстан-мәңгілік жан жарасы» тақырыбында танымдық сабақ өтті. Шара барысында тақырыптық бейнеролик көрсетіліп, оқушылар өздерін қызықтырған сауалдарға жауап алды.
Танымдық сабақтың мақсаты: оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету, Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.





