
Мектеп-гимназияда 16 мамыр күні «Отбасы-ұлттың тірегі» тақырыбында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа мектеп-гимназия директоры Ермекова Г.С., Байзақ АПБ учаскелік инспекторы полиция майоры Джаксыгулов Р., Байзақ ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инжинері Таукебаев М., Байзақ ауданы ТЖ бөлімінің аға инжинері азаматтық қорғау капитаны Өксікбаев А. қатысты. Күн тәртібінде 2023-2024 оқу жылының қорытындысы мен мемлекеттік емтихандарды ұйымдастыру ережелері бойынша ақпарат беріліп, 2024-2025 оқу жылындағы міндетті мектеп формасы ата-аналар назарына ұсынылды. Сонымен қатар оқушылар мен ата-аналардың міндеттері мен құқықтары туралы айтылып, «Қауіпсіз жаз» оқушылардың өмір қауіпсіздігі бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мектеп инспекторы ата-аналарға қауіпті аймақтар туралы ақпарат беріп, баланы қараусыз қалдырмау, жасөспірімдердің арасында болатын құқықбұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың алдын алу ережелері жөнінде ескертті. Жиналыс барысында ата-аналардың пікірлері тыңдалып, балалардың іс-әрекеттері мен мінез-құлқын назардан тыс қалдырмау қажеттігі ұсынылды.