18
май
2023
ЖАЛПЫ МЕКТЕПІШІЛІК АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ!
18 мамыр күні мектеп-гимназияда жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа мектеп-гимназия директоры Ермекова Гүлбахрам Серікқызы, мектеп инспекторы Танабаев Азат Қанатұлы, ата-аналар комитетінің төрайымы Сейдуалиева Ардақ Бектұрсынқызы қатысты. Күн тәртібінде 1 маусым – Соңғы қоңырау мерекесін ұйымдастыру, 2022-2023 оқу жылының қорытындысы мен мемлекеттік емтихандарды ұйымдастыру ережелері бойынша ақпарат беріліп, 2023-2024 оқу жылындағы міндетті мектеп формасы бекітілді. Сонымен қатар оқушылар мен ата-аналардың міндеттері мен құқықтары туралы айтылып, «Қауіпсіз жаз» оқушылардың өмір қауіпсіздігі бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мектеп инспекторы ата-аналарға қауіпті аймақтар туралы ақпарат беріп, баланы қараусыз қалдырмау жөнінде ескертті. Жиналыс барысында ата-аналардың пікірлері тыңдалып, балалардың іс-әрекеттері мен мінез-құлқын назардан тыс қалдырмау қажеттігі ұсынылды.












