
АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ!

Мектеп-гимназияда 10-11-сынып оқушыларының ата-аналарымен “Білім алушылардың тәртібі мен қауіпсіздігі -басты назарда” тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа мектеп-гимназия директоры Ермекова Г.С., мектеп инспекторы Аймбеков Р. қатысты. Жиналыс барысында жалған ақпарат таратпау, жалған ақпарат таратудың құқықбұзушылыққа жататындығы жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар кез келген жағдайда баланың іс-әрекеті, баланың мінез-құлқы ата-ана назарында болу қажеттігі айтылды.