АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ! » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

30
ноябрь
2022

АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ!

 30 қараша күні мектеп-гимназияда «Бақытты бала-бақытты отбасы» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа мектеп-гимназия директоры Ермекова Гүлбахрам Серікқызы, «Сенімен болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының менеджері Құрманәлі Қуандық Қайратұлы, Байзақ ауданы білім бөлімінің әдіскері Сабитбекова Разия Серікқызы, «Тағылым» аталар мектебі  кеңесінің төрағасы Бақтияров Кеңесбай  қатысты.  Ата-аналардың көңіл-күйін көтеру мақсатында «Тілектер бұрышы» қойылды. 
    Жиналыс барысында ата-аналардың пікірлері тыңдалып, балалардың іс-әрекеттері мен мінез- құлқын назардан тыс қалдырмау қажеттігі ұсынылды.
 Ұрпақ тәрбиесі- ең ұлы міндет десек, осы міндетті мүлтіксіз орындау мектеп педагогтарымен қатар ата-аналардың да жауапкершілігінде. Сондықтан жиынның түйіні - бала болашағын қалыптастыруда ата-ана мен ұстаз үнемі бірлікте болуы керек екенін естен шығармау.