ЖАЛПЫ МЕКТЕПІШІЛІК АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ! » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

» ЖАЛПЫ МЕКТЕПІШІЛІК АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ!
19
март
2024

ЖАЛПЫ МЕКТЕПІШІЛІК АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ!

19 наурыз күні мектеп-гимназияда “Баланың бас ұстазы - ата-ана” тақырыбында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа мектеп-гимназия директоры Ермекова Гүлбахрам Серікқызы, мектеп инспекторы Аймбеков Рахым, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қошанов Нұрсұлтан, директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алтынбеков Дархан қатысты. Жиналыс барысында 3-тоқсанның қорытындысы, “Позитивті ата-ананың ерекшеліктері”, ұл мен қыз тәрбиелеудің тиімді жолдары, оқушылар мен ата-аналардың міндеттері мен құқықтары туралы айтылып, “Демалыс кезіндегі қауіпсіздік” тақырыбында оқушылардың өмір қауіпсіздігі бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мектеп инспекторы ата-аналарға қауіпті аймақтар туралы ақпарат беріп, баланы қараусыз қалдырмау жөнінде ескертті. Жиналыс барысында ата-аналардың пікірлері тыңдалып, балалардың іс-әрекеттері мен мінез-құлқын назардан тыс қалдырмау қажеттігі ұсынылды.