22
ноябрь
2023
ТАНЫМ ҚУАНЫШЫ: БАЛАНЫҢ ҚЫЗЫҒА ОҚУЫНА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕМІЗ?
Мектеп-гимназияда 18 қараша күні «Жан-Нұры» ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының бағдарламасы бойынша ата-аналарға арналған екінші сабақтар өткізілді. 1-4 – сынып оқушыларының ата-аналары арасында «Білімдіге дүние жарық. Таным қуанышы: баланы қызыға оқуына қалай көмектесеміз?» тақырыбындағы сабақты шығармашылық топтың мүшесі Амалбекова Махаббат жүргізді. Сабақ басында «Ана туралы жыр» шырқалып, баланы қызыға оқыту бойынша кеңестер берілді. Ата-аналар тақырыптық бейнеролик барысында пікір алмасып, «Бала тәрбиесінде ата-ана тарапынан қандай қасиеттер керек?», «Баланың қуана мектепке баруы үшін не істеу керек?», «Аяқталмаған сөйлем» және «Бұрыс пен дұрыс пікір» әдісі арқылы топтық тапсырмалар орындады. Сонымен қатар ата-аналар балаларына арнап хат жазып, kahoot платформасында ұйымдастырылған сұрақтарға жауап берді. Сабақ соңында кері байланыс ретінде ата-аналардан сауалнама алынды.
@oqu_agartu_ministirligi
@gani.beisembayev
@medetbekovameruert





