22
декабрь
2023
АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ 3-САБАҒЫ ӨТТІ!
Мектеп-гимназияда 22 желтоқсан күні «Жан-Нұры» ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының бағдарламасы бойынша 1-4 – сынып оқушыларының ата-аналарымен “Әрбір бала-жарық жұлдыз” тақырыбында 3-сабақ өткізілді. Сабақты шығармашылық топтың мүшесі Амалбекова Махаббат жүргізді. Психологиялық ахуал «Қараоқы» айдарымен басталып, ата-аналардың топтық жұмыстарымен жалғасын тапты. Сабақ барысында «Темперамент және оның ерекшеліктері» тақырыбында баяндама оқылып, отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында «Шырақ» анимациялық фильмін тамашалаған ата-аналар топтық тапсырмаларды орындады. Сонымен қатар баланың мінез-құлқын тәрбиелеуге негізгі кеңестер беріліп, «Әріптер ән айтады» ойыны ата-аналарға керемет көңіл-күй сыйлады. Ата-аналардың пікірлері тыңдалып, «Жарқырауға көмектес» тақырыбында кері байланыс жүзеге асты.






