22
декабрь
2023
АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ 3-САБАҒЫ ӨТТІ!
Мектеп-гимназияда 22 желтоқсан күні «Жан-Нұры» ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының бағдарламасы бойынша 10-11 – сынып оқушыларының ата-аналары арасында «Сен жанбасаң лапылдап...Балаға өз бейімділігін табуға қалай көмектесуге болады?» тақырыбында кезекті сабақ өткізілді. Сабақты шығармашылық топтың мүшесі Төлтаева Ақмарал, Оразалиева Гүлсезім жүргізді. Сабақ барысында ата-аналардың өз кәсібін іздеу кезеңінде баланы қолдау әдістері мен шарттары туралы тұрақты түсініктерін қалыптастыруға ықпал етіп, баланың жеке тұлғасының ерекшеліктерін, қызығушылықтарын, қабілеттерін анықтау дағдыларын дамытты.
Сабақтың мақсаты: ата-аналардың баланың өзін-өзі көрсетуіне дайындығын дамыту.



