БАЛАНЫҢ БАС ҰСТАЗЫ – АТА-АНА! » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

27
октябрь
2023

БАЛАНЫҢ БАС ҰСТАЗЫ – АТА-АНА!

Мектеп-гимназияда 27 қазан күні «Жан-Нұры» ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының бағдарламасы бойынша 5-9 – сынып оқушыларының ата-аналары арасында «Баланың бас ұстазы-ата-ана. Позитивті ата-ана болу: тыңдау, есту, өзін естірте білу» тақырыбында алғашқы сабақ өткізілді. Сабақты шығармашылық топтың мүшесі Қарабаева Айнұр жүргізді. Сабақ барысында ата-аналарды позитивті ата-ана болу құзыреттерін игеруге ынталандырып, позитивті ата-ана болудың мәнімен, қағидаттарымен таныстырды. Сонымен қатар ата-аналар  «Сіздің балаңыздың портреті», «Позитивті ата-ана болу қағидаттары», «Сіздің балаңыздың күшті тұстары» тақырыптарында топтық жұмыстар орындап, позитивті ата-ана болу рухында баламен -қатынастың тәсілдерін меңгерді.