27
октябрь
2023
«АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ САБАҒЫ ӨТТІ!
Мектеп-гимназияда 27 қазан күні «Жан-Нұры» ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының бағдарламасы бойынша 10-11 – сынып оқушыларының ата-аналары арасында «Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу» тақырыбында алғашқы сабақ өткізілді. Сабақты шығармашылық топтың мүшесі Айтбекова Гүлназ, Оразалиева Гүлсезім жүргізді. Сабақ барысында жоғары сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне тоқталып, олардың бойларында кездесетін мінез-құлық пен қасиеттеріне талдау жасалды. Спикерлер жоғарғы сынып оқушысының физикалық, психологиялық, зияткерлік және әлеуметтік дамуы жайында айтып өтіп, «Өз балаңыздың портретін жасаңыз», «Тепе-теңдік дөңгелегі» тапсырмалары орындалды. Сабақ соңында ата-аналардан сауалнама алынып, кері байланыс жүзеге асты.











