ЖАЛПЫ МЕКТЕПІШІЛІК АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ! » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

» ЖАЛПЫ МЕКТЕПІШІЛІК АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ!
18
ноябрь
2023

ЖАЛПЫ МЕКТЕПІШІЛІК АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ!

Мектеп-гимназияда 18 қараша күні 1–11-сынып оқушыларының ата-аналары қатысуымен “Бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар” тақырыбында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.
Күн тәртібіндегі көтерілген мәселелер бойынша мектеп-гимназия директоры Ермекова Гүлбахрам Серікқызы алғы сөзге шығып, ата-аналармен ашық сөйлесіп, қойылған сұрақтарға тұщымды жауап берді. Бала тек бір үйдің перзенті ғана емес, сонымен қатар қоғам мүшесі екенін, бала тәрбиесіндегі басты тұлға әке мен ана екенін тілге тиек ете, мектеп еңбегінің өнімді болуына тікелей ата-ананың қолдауы қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар өміріміздің мәні, мектеп өмірінің сәні-баланы бірлесе отырып тәрбиелеуге, осы жолда бірлігімізді нығайтып, ұйымшылдығымыз ажырамасын деген ізгі тілегін білдірді.
🔸Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша педагог-психолог Г.Ж.Айтбекова “Киберббулинг, буллинг” ұғымдарына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, құқық бұзушылықтың алдын алу жолдарына нұсқаулар берді.