11-СЫНЫП АТА-АНАЛАРЫМЕН ЖИНАЛЫС ӨТТІ! » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

» 11-СЫНЫП АТА-АНАЛАРЫМЕН ЖИНАЛЫС ӨТТІ!
23
сентябрь
2023

11-СЫНЫП АТА-АНАЛАРЫМЕН ЖИНАЛЫС ӨТТІ!

Мектеп-гимназияда 23 қыркүйек күні 11-сынып оқушыларының ата-аналарымен «ҰБТ-басты қадам» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа мектеп-гимназия директоры Ермекова Гүлбахрам Серікқызы, директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Әмірханова Әсия Бердібекқызы және 11-сынып жетекшілері қатысты. Жиналыс барысында оқушыларды алдағы сынаққа дайындайтын, жігерлендіріп, бойға сенімділік ұялататын бағыт-бағдар берілді. Мектеп-гимназия директоры ҰБТ-оқушылардың білім сапасы, іскерлігінің деңгейі ғана емес, болашақ мамандығына, келешек өміріне алар жолдама екенін, ҰБТ маңызы мен адами құндылықтар туралы айтып өтті.
Жиналыс соңында ата-аналар пікірі тыңдалып, бірлесе жұмыс жүргізілуі керектігі ұсынылды.