19
сентябрь
2023
ҚОҒАМ МӘСЕЛЕСІ – БАЛА ТӘРБИЕСІ!
Бүгін мектеп-гимназияда 1-11 – сынып ата-аналарының арасында «Қоғам мәселесі – бала тәрбиесі» тақырыбында ата-аталар жиналысы өтті. Ата-аналар жиналысына мектеп-гимназия директоры Ермекова Гүлбахрам Серікқызы, Байзақ ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Дін істері бөлімінің басшысы Кулымбетов Алмас Калдыбекұлы, Байзақ АПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ полиция аға лейтенанты Аймбеков Рахым Джаркынович, Байзақ аудандық білім бөлімінің әдіскері Сатылганова Зауреш Бақтыбайқызы қатысты. Жиналыс барысында құқықбұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша кеңестер берілді. Байзақ ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Дін істері бөлімінің басшысы Кулымбетов Алмас Калдыбекұлы «Бірыңғай мектеп формасы – зайырлы қоғам талабы» екенін айта кетті. Сонымен қатар ата-аналардың пікірлері тыңдалып, балалардың іс-әрекеттері мен мінез-құлқын назардан тыс қалдырмау қажеттігі ұсынылды. Мектеп-гимназия директоры Ермекова Гүлбахрам Серікқызы бала тәрбиесі нәтижелі болуы үшін ата-ана мен мектептің тығыз байланыста болуы керектігін ескертті.






