Табиғатты аяла » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

08
апрель
2019

Табиғатты аяла

2019 жылдың 16 наурыз күні №1 мектеп – гимназиясының базасында аудандық «Табиғатты аяла» атты жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің форумы өтті. Форумның негізгі мақсаты: білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу. Форум 7 номинациядан тұрды. Н.К.Киікбаев атындағы мектеп – гимназиясының оқушылары әр номинация бойынша жүлдегерлер қатарынан көрінді. Атап айтар болсақ, 
1. «Туған өлкені зерттейміз» номинациясы бойынша III дәрежелі дипломмен 7 сынып оқушысы Айтбала Айдана марапатталды. Жетекшісі: Юсупбаева Меруерт
2. «Жасыл экономика» номинациясы бойынша 8 сынып оқушысы Орман Томирис I дәрежелі дипломмен марапатталып, облыстық байқауға жолдама алды. Ал, II дәрежелі дипломмен Жамалханқызы Балнұр марапатталды. Жетекшісі: Сейдахметов Нұралы.
3. «Экоәлем» номинациясы бойынша 7 сынып оқушысы Абдраман Мадина II дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Молдабаева Нургүл.
4. «Жасыл оазистер» номинациясы бойынша 8 сынып оқушылары III дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Махамбеткулова Ақнұр.
5. «Қалдықтардан - табыстарға» номинациясы бойынша 7 сынып оқушысы Кушкарбаев Нұржан III дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Қазыкеев Жанабек.
6. Экологиялық квест «Табиғаттың құтқарушы шеңбері» кезеңінде Н.К.Киікбаев атындағы мектеп – гимназия оқушылары II дәрежелі дипломмен марапатталды. 
Аудандық форумға белсенді қатысып, жеңімпаздар қатарынан көрінген оқушыларымызға алғыс білдіреміз.