Дәстүрлі республикалық «VІІІ Шерхан оқулары» байқауының облыстық кезеңі өтті » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

» Дәстүрлі республикалық «VІІІ Шерхан оқулары» байқауының облыстық кезеңі өтті
09
ноябрь
2023

Дәстүрлі республикалық «VІІІ Шерхан оқулары» байқауының облыстық кезеңі өтті

 Дәстүрлі республикалық  «VІІІ Шерхан оқулары»  байқауының  облыстық кезеңі өтті 
⚜️ Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты  «Шерхантану және Рухани жаңғыру» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен дәстүрлі Шерхан оқулары байқауы биылғы жылы  VIІI рет өткізіліп отыр.
✅ Байқаудың негізгі мақсаты - қазақтың халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ш.Мұртазаның сан қырлы шығармашылығы мен қайраткерлік тұлғасын өскелең ұрпаққа кеңінен мазмұндап, тәуелсіз ел руханиятындағы маңызын зерделеу, егемен еліміздің әдебиеті мен мәдениетіне үлес қосу. Сонымен қатар,  әдеби таланты бар оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық жұмыстарына қанат бітіру, оқушылардың санасын жаңғырту.
🗂️ Байқау 4 бағытта өткізілді:
⚜️І бағыт “Жұлдызы нұрлы суреткер”
⚜️ІІ бағыт “Рух пен намыстың төресі”
⚜️ІІІ бағыт “Зау тұлға”
⚜️ІV бағыт “Шерхан Мұртаза мұрасы”
Нәтижесінде менің оқушым Гүлжан Мақсатова “Зау тұлға” бағыты бойынша бақ сынап, тиісті 3-орынды иеленді.