«Ахмет Байтұрсынұлы - Ұлттың Ұлы Ұстазы» тақырыбында конференция » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

» » «Ахмет Байтұрсынұлы - Ұлттың Ұлы Ұстазы» тақырыбында конференция
29
октябрь
2021

«Ахмет Байтұрсынұлы - Ұлттың Ұлы Ұстазы» тақырыбында конференция

Биылғы жыл халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеушісі, дарынды ақын – аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туылғанына 150 жыл және ел Тәуелсіздігіне 30 жыл толғалы отырған мерейлі жылына орай Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында «Ахмет Байтұрсынұлы - Ұлттың Ұлы Ұстазы» тақырыбында конференция ұйымдастырылды. Конференцияға М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Исматова Сейсекүл Молдабекқызы, «Қобыланды батыр ұрпақтары» қайырымдылық қорының президенті Тілешев Әзімбек Әбдіжәлілұлы, Шерхан Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығының аға ғылыми қызметкері Әбдиев Ерлан Қанжанұлы, Шерхан Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығының ғылыми қызметкері Мадияр Ерланұлы қатысты. Іс-шара барысында қонақтар  оқушыларға Ахмет Байтұрсынұлы туралы тың мағлұматтар беріп, тақырып бойынша ой бөлісті.