22
декабрь
2023
АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 🔸ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ 3-САБАҒЫ ӨТТІ!
Мектеп-гимназияда 22 желтоқсан күні «Жан-Нұры» ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының бағдарламасы бойынша 5-9 – сынып оқушыларының ата-аналарыарасында «Балаға үйрету: ақылыңды мейірімге орап бер. Өз балаңыздың кілтін қалай табуға болады?» тақырыбында сабақ өткізілді. Сабақты шығармашылық топтың мүшесі Қарабаева Айнұр жүргізді. Сабақ барысында ата-аналардың жас дағдарысы кезеңінде баламен өзара түсіністікке қол жеткізуге деген ұмтылысын дамытып, адам дамуындағы жас кезеңдерінің мәдени бастаулары туралы, жасөспірімдер дағдарысы кезеңінің экологиялық өмір сүру ерекшеліктері туралы түсініктері тереңдетілді.
Сабақтың мақсаты: ата-аналардың жас дағдарысы кезінде жасөспіріммен үйлесімді қарым-қатынас орнату қабілетін дамыту.


