06
ноябрь
2023
БАЛАНЫҢ БАС ҰСТАЗЫ-АТА-АНА!
Мектеп-гимназияда “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету мақсатында 7 “В” сынып жетекшісі Сағымбаева Г. “Баланың бас ұстазы-ата-ана. Позитивті ата-ана болудың мәні” тақырыбында ата-аналармен сабақ ұйымдастырылды.
Сабақтың мақсаты: оң тәрбиенің мәнін, принциптерін және дағдыларын дамыту арқылы ата-аналардың педагогикалық мәдениетін дамыту.
Міндеттері:
1.Ата-аналарды позитивті ата-ана болу құзыреттерін игеруге ынталандыру.
2.Ата-аналарды позитивті ата-ана болудың мәнімен, қағидаттарымен, әдістерімен таныстыру. .
3.Ата-аналарға позитивті ата-ана болу дағдыларын игеруге көмектесу.





