26
май
2023
АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ПЕДКОНСИЛИУМ ФОРМАТЫНДА ӨТКІЗІЛДІ!
Мектеп-гимназияда мамыр айының 27 күні 2022-2023 оқу жылының аяқталуына орай ата-аналар жиналысы педконсилиум форматында өткізілді.
Жалпы ата-аналар жиналысының ең басты артықшылығы-әрбір ата-ана барлық педагогтармен кездесіп, баласының 2022-2023 оқу жылындағы білім сапасының қорытындысы, 2023-2024 оқу жылында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар, оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру жөнінде ақпарат алды. Сынып жетекшілер жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелеріне тоқталып, ақпараттық хатпен таныстырды. Пән мұғалімдері оқушылардың қазіргі үлгерімі мен төртінші жиынтық бағалаудың нәтижелерімен таныстырып, кеңестер берді. Сонымен қатар мектеп әкімшілігі, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар ата-аналардың өзге де сауалдарына жауап берді.






