22
май
2021
2020-2021 оқу жылының аяқталуына орай ата-аналар жиналысы педконсилиум форматы
Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында мамыр айының 22 күні айтулы күнге айналды, себебі осы күні мектеп ата-аналар үшін өз есігін айқара ашып, 2020-2021 оқу жылының аяқталуына орай ата-аналар жиналысы педконсилиум форматында өткізілді.
Жалпы Республикалық ата-аналар жиналысының ең басты артықшылығы әрбір ата-ана барлық педагогтармен кездесіп, өзінің баласы туралы толық ақпаратты, оның пәндер бойынша үлгерімін, сабаққа қатысуын, сондай-ақ жетістіктері туралы ақпаратты ала алды. Педагогтар ата-аналардың сұрақтарына өздерінің педагогикалық бақылауларына, оқушылардың қазіргі үлгерімі мен төртінші жиынтық бағалаудың нәтиежелері бойынша жауап берді.
Ата-аналар ұстаздардың оқу процесінде пайдаланатын әдістері баланың интеллектуалды потенциалын арттыруға, өз ойын еркін жеткізуге бағыттайтына көз жеткізіп, мектептің барлық оқушылары келешекте елінің көсегесін көгертетін зияткер ұрпақ болатынына сенім білдірді.










