26
май
2023
«ГИМНАЗИЯ КҮНІ-2023» МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ!
26 мамыр күні мектеп-гимназияда жылдағы дәстүрге сай талантты, дарынды оқушыларды тану және олардың бойындағы дарынын аша білген ұстаздардың еңбегін бағалау мақсатында «Гимназия күні-2023» мерекелік іс-шарасы өтті. Іс-шара барысында 2022-2023 оқу жылында түрлі деңгейдегі олимпиадалар мен байқауларда жеңістің тұғырынан көрінген ұстаздар мен оқушылар арасынан «Жыл мұғалімі» , «Жыл оқушысы», «Жас білімпаз», «Жас көшбасшы», «Гимназия үміті», «Үздік сынып», «Белсенді сынып» және «Үздік бірлестік» номинациясы бойынша үздіктер анықталып, марапатталды. Сонымен қатар мың бұралған бишілеріміз биден тарту тартса, жезтаңдай әнші балапандарымыз әннен шашу шашты.
Барша мұғалімдер мен оқушыларымызды марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Жеңісті де, жемісті күндеріміз көп болғай!









