САРҚЫЛМАС ҰЛЫЛЫҚТЫҢ БАСТАУЫСЫҢ, САҒАН МӘҢГІ БАСЫМДЫ ИЕМ, БАСТАУЫШЫМ! » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

» САРҚЫЛМАС ҰЛЫЛЫҚТЫҢ БАСТАУЫСЫҢ, САҒАН МӘҢГІ БАСЫМДЫ ИЕМ, БАСТАУЫШЫМ!
26
май
2023

САРҚЫЛМАС ҰЛЫЛЫҚТЫҢ БАСТАУЫСЫҢ, САҒАН МӘҢГІ БАСЫМДЫ ИЕМ, БАСТАУЫШЫМ!

Мектеп-гимназияда 4-сыныптардың ұйымдастыруымен «Сарқылмас ұлылықтың бастауысың, саған мәңгі басымды ием, бастауышым!» тақырыбында бастауыш сыныппен қоштасу мерекелік іс-шарасы өтті. Іс-шара барысында оқушыларымыз барша ұстаздар қауымына арнап жыр шумақтарын тарту етіп, әннен шашу шашты. Оқушыларға мадақтау қағаздары табысталып, ұстаздар жылы лебіздерін білдіріп, бастауыш сынып түлектеріне ақ жол тіледі. 
Кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған оқушыларымызды 4 жыл бойы білім нәрімен сусындатқан аяулы ұстаздарымызға алғыс білдіреміз!
Бала шақтан болашаққа жол бастаған бүлдіршіндерге сәттілік тілейміз!