"Гимназия күні-2022" » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

24
май
2022

"Гимназия күні-2022"

2022 жылдың 23 мамырында Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында дәстүрлі "Гимназия күні-2022" мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылды.  Іс-шара 2016 жылдан бері әр оқу жылының қорытындысы бойынша ең үздік деп танылған оқушылар мен ұстаздарды ынталандыру мақсатында жыл сайын ұйымдастырылып келеді. 2021-2022 оқу жылында түрлі деңгейдегі кәсіби байқаулар мен конкурстарда жүлдегерлер қатарынан табылып, іс-тәжірибесімен бөлісіп, жоғары белсенділік танытқан ұстаздар "Жыл мұғалімі-2022", "Ұлағатты ұстаз-2022", "Жыл жаңалығы-2022", "Үздік бірлестік-2022" номинацияларымен және Алғыс хаттармен марапатталды. Ал осы оқу жылында оқуда үздік болып, түрлі олимпиадалар мен шығармашылық байқауларда жүлдегер атанған оқушылар дипломдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
- "Жас көшбасшы" номинациясымен және қаржылай 5000 тг сертификатпен 5 оқушы;
-"Жас білімпаз" номинациясымен және мектебіміздің түлегі Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Берікқожа Серікбол Қайратұлының тағайындаған  "Март" сауда үйінде орналасқан "Балалар әлемі" киім дүкенінің 10 000 теңгелік сертификатымен 3 оқушы;
-"Гимназия үміті" номинациясымен және қаржылай 10 000 теңгелік сертификатпен 5 оқушы;
- "Жыл оқушысы-2022" номинациясымен және  "Нығметулла Киікбаев атындағы стипендиясымен" 20 000 теңгелік сертификатпен 4 оқушы марапатталды.
Осы оқу жылында тәрбиелік іс-шаралар мен мектептің қоғамдық өміріне белсенді түрде қатысқан 6 сынып "Белсенді сынып-2022", "Үздік сынып-2022" номинацияларымен және мектеп ұжымымен тығыз байланыста болған ата-аналар Алғыс хатпен марапатталды.
Іс-шараны ұйымдастыруға демеушілік көрсеткен барлық жомарт жүрек азаматтар мектеп ұжымы атынан Алғыс хатпен марапатталды.