Ұстаздардың еңбегін бағалау мақсатында жылдың қорытынды есебі ретінде «Гимназия күні-2021» атты мерекелік кеші » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

» » Ұстаздардың еңбегін бағалау мақсатында жылдың қорытынды есебі ретінде «Гимназия күні-2021» атты мерекелік кеші
24
май
2021

Ұстаздардың еңбегін бағалау мақсатында жылдың қорытынды есебі ретінде «Гимназия күні-2021» атты мерекелік кеші

2021 жылдың 24 мамыр күні  Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының талантты, дарынды оқушыларды тану және олардың бойындағы қайталанбас қанына біткен дарынын аша білген ұстаздардың еңбегін бағалау мақсатында жылдың қорытынды есебі ретінде «Гимназия күні-2021» атты мерекелік кеші өтті. 2020-2021 оқу жылында түрлі деңгейдегі пәндер олимпиадалары және байқауларда жетістікке жеткен оқушылар, тәжірибесін аудан, облыс, республика көлемінде таратып, кәсіби байқауларда жеңіс тұғырынан көрінген ұстаздар арасынан "Жыл мұғалімі", "Үздік оқушы", "Үздік сынып" және "Үздік пән бірлестігі" номинациялары бойынша үздіктер анықталып, марапатталды. "Жыл мұғалімі - 2021" номинациясы бойынша орыс тілі мен әдебиеті пәні  мұғалімі Көбеева Шолпан Муйденқызы, математика пәні мұғалімі Іргебаева Гүлназира Жалдықызы, физика пәні мұғалімі Аманова Салтанат Мыңбайқызы, тарих пәні мұғалімі Сыздықова Айжан Эргашевна, ағылшын тілі пәні мұғалімі Тыныштықова Ғайни Қуанышбекқызы, бастауыш сынып мұғалімі Жақыпбаева Самал Оразбекқызы, бастауыш сынып мұғалімі Сатенова Айнұр Махмұдқызы марапатталды.  "Жас білімпаз" номинациясымен 2 сынып оқушысы Жетпіс Әмина Саматқызы, "Жас көшбасшы" номинациясымен 6 сынып оқушысы Жолдыбай Еркеназ Нұрдосқызы, "Гимназия үміті" номинациясымен 10 сынып оқушысы Шалабекова Сара Әлімжанқызы марапатталды. "Үздік оқушы" номинациясымен және Нығметулла Киікбаев атындағы стипендиясымен   3 сынып оқушысы Жолдыбай Нұрислам Нұрдосұлы, 6 сынып оқушысы Болатханқызы Ақнұр, 10 сынып оқушысы Жамалханқызы Балнұр марапатталды. "Үздік пән бірлестігі" номинациясымен адам және қоғам циклі пәндері бірлестігі, жаратылыстану пәндері бірлестігі және ағылшын тілі пәні бірлестігі үздік деп танылып, марапатталды. Сондай-ақ мектептің қоғамдық өміріне белсене қатысқан және жүлделі оқушыларға қолдау көрсеткен ата-аналар да алғыс хатпен марапатталды.