05
май
2023
ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ!
Бүгін мектеп-гимназияда 7 мамыр-Отан қорғаушылар және 9 мамыр-Жеңіс күніне орай "Отан қорғау-ізгі борыш" тақырыбында әскери қызметкерлер оқушылармен кездесу өткізді. Кездесуге Тараз Өңірлік университеті әскери кафедраның оқытушысы Дильдакулов Қайсар, Байзақ ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының қызметкері Узбекова Назгул Шалаханқызы, «Мұрагерлік» Бейбітшілік шарты әскери күштерінің ардегерлері қоғамдық бірлестігінің заңгері Құрымбетов Арыстанбек, Байзақ ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары капитан Абильдаев Ерболат Ақбергенұлы қатысты. Жиналыс барысында оқушылар әңгімеге қызу араласып, өздерін толғандырып жүрген мәселелер жөнінде ой бөлісіп, сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар берілді. Сонымен қатар Отан алдындағы борышты орындау – әр ер азаматтың парызы екендігі баса айтылды.








