05
май
2023
БІРЫҢҒАЙ ТӘРБИЕ САҒАТТАРЫ ӨТКІЗІЛДІ!
5 мамыр күні мектеп-гимназияда 1-11 сыныптар аралығында 7 мамыр-Отан қорғаушылар және 9 мамыр-Жеңіс күніне орай «Отты жылдар», «Отан қорғау – ізгі борыш», «Ер – елінің қорғаны», «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат» тақырыптарында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағаттары барысында оқушыларға Ұлы Отан соғысының тарихы жайлы кеңінен мағлұмат беріліп, оқушылар Жеңіс күнінің қандай зор ерлікпен келгенін ұғынды.Тәрбие сағаты оқушылардың бойында патриоттық саналы, адамгершілігі мол, елін, жерін қастерлейтін, білімді, білікті азамат болып өсу дағдарыларын қалыптастыруды 










өздейді.











