21
апрель
2023
23 СӘУІР – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КІТАП КҮНІ!
Артық ғылым кітапта,
Ерінбек оқып көруге.
21 сәуір күні мектеп – гимназияда "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап күніне орай «Миллион кімге бұйырады?» форматында викториналық ойын өткізілді. Оқушыларға «Кітап қалай пайда болды?» тақырыбында бейнеролик көрсетіліп, сұрақтар қойылды. Викториналық ойынға белсене қатысып, жеңімпаз атанған оқушыларға дипломдар табысталды. Сонымен қатар Дүниежүзілік кітап күніне орай жылжымалы көрме бұрышы жасалды.
Іс-шараның мақсаты: кітаптың адам өміріндегі туралы түсінік беру; мәдениетті, парасатты, рухани ойлауы терең, ар-ожданы мол ұрпақ тәрбиелеу, кітапты сүйе білуге, қадірлеуге баулу.





