7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

» » 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні
07
апрель
2022

7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні

Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай спорттық іс-шаралар өткізілді. Іс-шаралардың мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтау, оқушылардың өнер мен денсаулық туралы түсінік беру. Денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін балаларға ұғындыру. Жоспар бойынша мектеп оқушыларына салтанатты жиын ұйымдастырылды. Жиында бүгінгі күннің адам өміріндегі маңызы мен мақсаты, денсаулықты сақтау өз қолымызда екендігін, денсаулықты сақтау –ең әуелі тазалықты сақтаудан басталатындығы туралы кеңестер берілді. Таңғы жаттығу жасаған соң оқушылар спорттың «Арқан тартыс», «Қол күрес», «Кермеге тартылу», «Қысқа қашықтыққа жүгіру», «Ұзындыққа секіру» және эстафеталық жарыстар бойынша сынға түсті. Жарыс соңында жеңімпаздар марапатталды.