04
апрель
2022
«Оқыған кітап желісі»
Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында тарих пәні мұғалімі Сапарбаев Бекзаттың ұйымдастыруымен «Оқыған кітап желісі» тақырыбы аясында 7 сынып оқушылары арасында эссе байқауы өтті. Мақсаты: кітапты таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу мен қатар автордың шығарма жазудағы идеясын анықтауға, өзіндік көзқарасын ашық айтуға, сауаттылығын дамытуға баулу. Сондай-ақ Б.Момышұлының «Ұшқан ұя», әлем әдебиеті бойынша Арктурдың «Құмай тазы», «Кішкентай ханзада», Мюнхаузеннің бастан кешкендері тақырыбындағы шығармалар оқуға алдын ала берілген. Оқушылар берілген шығармаларды оқып шығып, шығарма желісін талқылағаннан соң, эссе жазды. Жазылған жұмыстарды әділ – қазылар алқасы тексеріп, белсенділік танытқан оқушыларға еңбектері бағалап ынталандыру сыйлықтары берілді.






