7 СӘУІР – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

» 7 СӘУІР – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ
07
апрель
2023

7 СӘУІР – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ

7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні жыл сайын бүкіл әлемде аталып өтеді. Барша халықты салауатты өмір салты мен денсаулықты жақсартуға шақыратын денсаулық күнінің тарихына келсек, бұл күнді атап өту 1948 жылдың 7 сәуірінен басталған. Жер бетіндегі барша ұлт пен ұлысқа ортақ бұл күн өз елімізде тәуелсіздік алған жылдан бері аталып келеді. Аталған күнді көктемнің дәл осы күні атап өту бекерден-бекер емес, себебі сәуір көктемнің ортасы болса, бұл табиғаттың жаңғыру кезеңі. Ал, бірінші байлық ол – денсаулық. Денсаулық –тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Барлық қазақстандықтарды Дүниежүзілік денсаулық күнімен шын жүректен құттықтай отырып, сәттілік, жағымды көңіл-күй мен денсаулық тілейміз!