14
апрель
2023
ФЛЕШМОБ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ!
Дені сау, тәні таза, рухы күшті, білімді де тәрбиелі азамат болу – ел үшін, ұрпақ үшін аса маңызды. Ал салауатты өмір сүруге кері ықпал тигізетін індет – ол нашақорлық. Осы орайда 14 сәуір күні мектеп-гимназияда жасұландықтардың қатысуымен «Жастар нашақорлыққа қарсы!» ұранымен флешмоб өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің, темекінің зиянын және улы екенін түсіндіре отырып саналыққа, салауатты өмірді таңдауға, тазалыққа, лас істерден аулақ болуға, жан сұлулығымен қатар тән сұлулығын сақтауға тәрбиелеу.


