Денсаулық баршаға » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

11
апрель
2019

Денсаулық баршаға

Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп - гимназиясында «Денсаулық баршаға!» тұжырымдамасына сәйкес іс-шаралар алғаш, мұғалімдер арасында талқыға салынып, жоспары белгіленді.
Іс-шараның ашылуында ДҚТІЖО: Ш.А.Мекебаев оқушыларды спортпен шұғылдануына және мәдениетті болуларына шақырып, жарыстарға сәттілік білдірді.. Салауатты өмір салтын насихаттайтын бұрыш ұйымдастырылды. 
9-сыныптар арасында «Дені саудың-жаны сау!» тақырыбында шығарма жазды. Мұғалімі Ж.Қыдырбаева. Нәтижесінде 9«В» сынып оқушысы А.Айтбекова және 9«Б» сынып оқушысы Б.Тұрғанбектің шығармалары «үздік»- деп танылды.
Мектеп психологтары Г.Айтбекова мен А.Қалдарбековалардың салауатты өмір салтын насихаттауда шылымға қарсы бағытта тренинг және ішімдік пен нашақорлыққа дискуссия жұмыстарын жүргізді.
Дене тәрбиесі пәнінің бірлестіктерінің басшылығымен таңғы жаттығулар мен қатар спорттық жарыстар да ұйымдастырылды; Волейбол, баскетбол, футбол, эстафеталық ойындар өткізілді. Қорытындысында ұлдар арасында баскетболдан 10 сынып оқушылары- I орын, 9 сынып оқушылары – II орын, 8 сынып оқушылары – III орын алды. Волейболдан қыздар арасында 9 сынып оқушылары –I орын, 8 сынып оқушылары –II орын, 7 сынып оқушылары-III орынға иеленді.
Футболдан 7 сыныптар – I орын, 6 сыныптар -II орын, 5 сыныптар-III орын алды.
Мектеп оқушылары арасында үздік номинациялар жарияланып жеңімпаздар анықталды.
Тақырыбы, ұраны жазылып, плакаттар ілінді.