16
апрель
2021
«Есірткісіз болашақ»
2021 жылдың сәуір айының 16 жұлдызында мектеп-гимназиямыздың оқушыларымен «Есірткісіз болашақ» тақырыбында мектеп медбикесімен дәріс сағаты өткізілді. Іс-шараға ДҚТІЖО Ш. Кенжалиев пен мектеп медбикелері қатысты. Дәріс уақытында «Есірткісіз болашақ» тақырыбында баяндама оқылып, оқушыларға бейнеролик көрсетіледі. Баяндамада нашақорлық дертіне шалдыққан адам онсыз өмір сүре алмайтындай күйге түсіп, өзінің денсаулығын, өмірін құртып қана қоймай жақындарының, қоршаған адамдарының өміріне де қауіп төндіреді. Сонымен қатар нашақорлықтың алдын алу, емдеу және оңалту шараларына ерекше назар аударылды.




