28
март
2023
«KIDS COWORKING» АЛАҢЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ!
Мектебімізде «Оқуға құштар мектеп» жобасы тұрақты түрде жүзеге асуда. Бүгін осы жобаның аясында мектебімізден білім алып, қазіргі таңда осы мектепте ұстаздық қызметті атқарып жүрген түлектеріміздің демеушілігімен «KIDS COWORKING» алаңының ашылу салтанаты өтті.
Лента кесу рәсімі Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлер кәсіподағының төрағасы Мағзымбеков Ерұлан Сәбенұлына және Байзақ аудандық білім бөлімінің басшысы Мамырбаев Нұрболат Серікұлына берілді.

Жаңаша безендіріліп, өзгеше жабдықталған алаңның оқушылардың тұрақты ортасына айналары сөзсіз.





