Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында жағажай волейбол алаңшасының ашылу рәсімі өтті. » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

» » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында жағажай волейбол алаңшасының ашылу рәсімі өтті.
18
сентябрь
2021

Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында жағажай волейбол алаңшасының ашылу рәсімі өтті.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 2021 жылдың 18 қыркүйегінде Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында жағажай волейбол алаңшасының ашылу рәсімі өтті. Алаңшаның жасалуына Байзақ аудандық мәслихатының депутаттары Момынов Б.О., Ермеков Е.С., Ермекова Г.С. демеушілік жасаса, дене шынықтыру пән бірлестігінің мұғалімдері барлығын өз қолдарымен жасап, еселі еңбектерін көрсетті. Іс-шараға Байзақ аудандық мәслихатының хатшысы Ақбаев Б.М., Байзақ аудандық білім бөлімінің басшысы Мамырбаев Н.С., аудандық спорт бөлімінің басшысы Мамадияров Е.Қ., Байзақ аудандық "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Байтақова Ш.Қ. және аудандық мәслихат депутаттары қатысты.   Ашылу рәсіміне арнайы келген құрметті қонақтар салтанатты түрде алаңшаның лентасын қиды. Аудандық спорт бөлімінің басшысы Мамадияров Е.Қ. жазғы  алаңшаға қажетті спорттық формалар мен инвентарьлар сыйға тартты. Ашылу рәсімінен кейін, аудан мектептері арасында волейбол ойынынан жарыс өткізілді. Жарысқа 11 команда қатысып, ойын қортындысы бойынша «Түймекент» командасы І орын алса, «Киікбаев»  командасы жүлделі ІІ, ІІІ орындарды иеленді.