13
ноябрь
2025
МИФ пәндері бірлестігінің аясында өткен ашық сабақ
Бүгін физика пәнінен 9 «Ж» сыныбымен
Аманова Салтанат және Ошакбаева Алмажан
дуэт – ашық сабақ өткізді.
Сабақ жоғары технологиялық және тәжірибелік бағытта өтіп, оқушылардың белсенділігі өте жоғары болды.
Gemini Veo 3 платформасында жасалған жасанды интеллект бейне-ролигі көрсетілді.
Видео арқылы сабақтың бағыты мен зерттеу жұмысының маңызы ашылды.
Дескрипторлар нақты көрсетіліп, бұл оқушыларға өзін-өзі және бірін-бірі әділ бағалауға мүмкіндік берді.
Оқушылар қара жәшікті ID-d платформасын қолдану арқылы тауып,
QR-кодтағы мұғалім тапсырмасын видеодан көріп, нұсқаулыққа сәйкес эксперименттік есеп орындады.
Эксперимент нәтижесінде оқушылар:
• дененің массасын
• серіппенің қатаңдығын
• үйкеліс коэффициентін
өздері өлшеп, есептеп шығарды.
Сабақ соңында бағалау парағы негізінде қорытынды баға қойылып, үй тапсырмасы берілді.



