МИФ пәндері бірлестігінің айлығы аясында өткізілген ашық сабақ » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

» МИФ пәндері бірлестігінің айлығы аясында өткізілген ашық сабақ
20
ноябрь
2025

МИФ пәндері бірлестігінің айлығы аясында өткізілген ашық сабақ

Бүгін математика пәнінен 5 «Ә» сыныбымен Сагимбаева Жібек Нургалиқызы «Аралас сандарды қосу және азайту» тақырыбын бекіту мақсатында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар аралас сандарға амалдар қолдану ережелерін нақты мысалдар арқылы меңгеріп, білімдерін түрлі жұмыс формалары арқылы көрсете алды.
🔰 Сабақтың тақырыбы: «Аралас сандарды қосу. Аралас сандарды азайту»
🔰 Оқыту мақсаты: 5.1.2.20 аралас сандарды қосу және азайту амалдарын орындау.
Сабақ оқу бағдарламасына толық сәйкес құрылып, оқушылардың есептерді талдау, нәтижені дұрыс жазу және өз жұмысына жауапкершілікпен қарау дағдыларын дамытуға бағытталды.
Қолданылған әдіс-тәсілдер:
🔹 «Көршіңді тексер» әдісі – үй жұмысын өзара тексеру арқылы оқушылар жауапкершілікке үйреніп, өз қателерін анықтауға мүмкіндік алды.
🔹 «Plickers» цифрлық платформасы – жедел кері байланыс беруге, оқушылардың теорияны қаншалықты меңгергенін әділ бағалауға ықпал етті.
🔹 ЖИ (AI) мультфильм кейіпкерлері арқылы есеп шығарту – оқушылардың қызығушылығын арттырып, сабаққа эмоционалдық серпін берді. Бұл әдіс күрделі емес тапсырмаларды визуалды түрде қабылдауға жағдай жасады.
🔹 «Тарсия» әдісі – топтық жұмыста оқушылар әртүрлі есептерді біріктіре отырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік алды.
🔹 Жұптық, жеке және топтық жұмыс түрлері – саралап оқыту жүзеге асырылып, әр оқушы өзінің деңгейіне сай тапсырмамен жұмыс істей алды.
Цифрлық құралдарды қолдану:
🔹 Plickers платформасы арқылы тест тапсырмалары орындалып, QR-код арқылы жауап беру жүзеге асты.
🔹 ЖИ арқылы жасалған видео-жұмыс есептерді қызықты форматта қабылдауға жағдай жасады.
🔹 Classroomscreen сайты топқа бөлуде тиімді қолданылды.
Сабақ соңында оқушылар кері байланыс беріп, өз жұмыстарын бағалау парақтары арқылы қорытындылады.