МИФ пәндері бірлестігінің аясында өткен ашық сабақ » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

» МИФ пәндері бірлестігінің аясында өткен ашық сабақ
19
ноябрь
2025

МИФ пәндері бірлестігінің аясында өткен ашық сабақ

Бүгін информатика пәнінен 10 «А» сыныбымен
Байгазиева Кымбат – ашық сабақ өткізді.
🔰 Сабақтың тақырыбы: «Жолдармен жұмыс жасау»
🔰 Мақсаты: 10.5.1.2 – жолдарды өңдеу  үшін процедуралар мен функциялар . 
✨ Сабақтың ерекшеліктері
🔹 Сабақ басында оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында
PixVerse платформасында жасалған жасанды интеллект бейне-ролигі көрсетілді.
Видео арқылы  негізгі ережелер айтылды. 
🔹 Топқа бөлу – жасырылған суреттер арқылы жүргізілді.
Дескрипторлар нақты көрсетіліп, бұл оқушыларға өзін-өзі және бірін-бірі әділ бағалауға мүмкіндік берді. 
🔹 Үй тапсырмасын сұрау – Ия/жоқ әдісі арқылы интерактивті форматта өтті. 
🔹 Топтық жұмыс – Тарсия әдісімен жүргізілді. Оқушылар берілген сұрақтардың жауаптарын таба отырып, топта бірігіп жұмыс жасады. Бұл әдіс арқылы оқушылар тапсырманы  қызығушылықпен орындады:
 • Python программалау тілінде  жолдардың слайс арқылы нәтижесін алуды үйренді
* len(),  s.upper(), s.lower, s.title() функцияларының қызметін меңгерді.
🔹 Жұптық жұмыс – үлестірме қағаз арқылы жүргізіліп, нәтижелері бағалау парағына енгізілді. 
🔹  Тапсырманы компьютерде орындады. Есептің нәтижесін Python программасында шығарды. 
🔹 Рефлексия – ЖИ көмегімен жасалған видео арқылы жүргізілді.
Сабақ соңында өзін -өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы арқылы кесте толтырылып қорытынды баға қойылып , үй тапсырмасы берілді.