19
май
2023
ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ САБАҚ ӨТТІ!
19 мамыр күні мектеп-гимназияда патриотизмнің жарқын үлгісі Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына орай тарих пәнінің мұғалімдері Тажибаева М., Күдериева М. «Сұлтан Бейбарыс – Ұлы дала барысы» тақырыбында 5-сынып оқушыларымен танымдық сабақ өтті. Танымдық сабақ барысында тақырыптық бейнеролик көрсетіліп, Сұлтан Бейбарыстың өмір жолдарына тоқталды. Мұғалімдер Бейбарыс сұлтанның тарихта дана басшы, көрнекті қолбасшы ретінде өшпес із қалдырғанын атап өтті. Негізгі мақсат – Бейбарыс сұлтан туралы соңғы мәліметтерді зерттеп, оның мұрасын өскелең ұрпақ арасында кеңінен насихаттау.




