23
январь
2024
«АҒАЛАР МЕКТЕБІНІҢ» ОТЫРЫСЫ ӨТТІ!
Аға-өзінің соңынан ерген інілері мен қарындастарына тірек, қорғаныш.
Аға әр отбасындағы жол бастайтын, өзінен кейінгілерге бағыт бағдар беретін тұлға. Іні мен қарындасы ағасына қарап бой түзейді, қиналғанда ағасын арқа тұтады.
Осы орайда мектеп-гимназияда 23 қаңтар күні «Даналық мектебі» клубы, «Ағалар» мектебінің қатысуымен «Ағасы бардың-жағасы бар, інісі бардың-тынысы бар» тақырыбында дискуссия алаңы ұйымдастырылды. Дискуссия барысында «Ағаның ақылы», «Бүгінгі аға бауырларына қалай қамқорлық жасайды?» , позитивті аға болудың сырлары сынды өзекті мәселелердің төңірегінде тұщымды ойлар айтылды.
Мақсаты:
Ағалық міндеттің мағынасын ашу.
Інілері мен қарындастарына қамқорлық жасаудың мәнін түсіндіру



