19
ноябрь
2022
«МЕНІҢ ӨМІРІМДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН МАҚАЛ – МӘТЕЛДЕР»
Жас ұрпақтың бойында ата – бабамыздан қалған өшпес мұра, қымбат қазынасы мақал-мәтелдерді дәріптеу. Оқушылардың тіл байлықтарын дамыту, ана тіліне сүйіспеншілігін арттыру, халық мұрасын, ұлттық құндылықтарды насихаттау және сөз маржанын өмірде орынды қолдана білуге, тапқырлыққа, шешендікке, тіл шеберлігіне тәрбиелеу мақсатында мектебімізде 6-сыныптар арасында «Менің өмірімде қолданатын мақал-мәтелдер» жобасы аясында «Мейірімділік, адамгершілік, қамқорлық» тақырыбында мақал-мәтел сайысы ұйымдастырылды. Оқушылар адамгершілік, мейірімділік, қамқорлық тақырыптарында мақал-мәтелдерді жатқа айту, мақал-мәтелді жалғастыру, мағынасын ашып түсіндіру, сондай-ақ викториналық ойын бойынша сайысқа түсті.






