АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 🔸ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ 4-САБАҒЫ ӨТТІ! » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

» АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 🔸ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ 4-САБАҒЫ ӨТТІ!
26
январь
2024

АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 🔸ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ 4-САБАҒЫ ӨТТІ!

Мектеп-гимназияда 26 қаңтар күні «Жан-Нұры» ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының бағдарламасы бойынша 1-4 – сынып оқушыларының ата-аналары арасында «Баланың тапқырлығы мен эрудициясын қалай дамытуға болады?» тақырыбында 4-сабақ өткізілді. Сабақты шығармашылық топтың мүшесі Амалбекова Махаббат жүргізді. Психологиялық ахуал «Нейрогимнастикалық жаттығумен»  басталып, ата-аналардың жұптық жұмыстарымен жалғасын тапты. Сабақ барысында «Баланың эрудициясын дамыту жолдары» тақырыбында ақпарат беріліп, ата-аналардың тапқырлығын қажет ететін ойындар ұйымдастырылды.
Сабақтың мақсаты: ата-аналардың үйде балалардың тапқырлығы мен эрудициясын дамытуға бағытталған интеллектуалдық ойындар мен жаттығуларды қолдану дағдыларын дамыту.