04
декабрь
2023
ТЕОЛОГ МАМАНМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ!
Мектеп-гимназияның оқушыларымен РАТТ мүшесі, "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ бөлім басшысы Салықбаев Қайрат Құралтайұлы кездесу өткізді. «Дін және діни экстремизм» тақырыбында өрбіген жиында теолог маман дін жөнінде жалпы түсінік беріп, діни экстремизмнің бүгінгі бет-бейнесі туралы, өмірімізде белең алып отырған лаңкестік әрекеттер жөнінде әңгімеледі. Оқушылар әңгімеге қызу араласып, өздерін толғандырып жүрген мәселелер де ой бөлісіп, сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар берілді.







