АТА – ӘУЛЕТТІҢ ТІРЕГІ, ӘЖЕ – ҰРПАҚТЫҢ ЖҮРЕГІ! » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

» АТА – ӘУЛЕТТІҢ ТІРЕГІ, ӘЖЕ – ҰРПАҚТЫҢ ЖҮРЕГІ!
01
декабрь
2023

АТА – ӘУЛЕТТІҢ ТІРЕГІ, ӘЖЕ – ҰРПАҚТЫҢ ЖҮРЕГІ!

Ата мен әже… Жарық әлемнің есігін ашқан әрбір адамға сәбилік сәттен жүрегіне жақын ардақты атау. Асыл дінін сүйген, бабалар дәстүрін дәріптеген әрбір қазақ үшін ықылым заманнан ата мен әже деген – киелі ұғым. Ақ ниетімен, ақ батасымен айналасын арайландырған, жүрегі махаббат пен шапағаттан жаралған ата мен әже атты абзал жандар – өнегелі өмірдің сыны мен сыры жайлы шұрайлы шежіре шертетін тірі тарих. 
 Осы орайда мектеп-гимназияда “Біртұтас тәрбие бағдарламасы”, «Даналық мектебі» клубының жоспарына сәйкес «Ата-әулеттің тірегі, әже-ұрпақтың жүрегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге арнайы «Байзақ аудандық ардагерлер ұйымынан», «Байзақ аудандық аналар алқасынан» құрметті қонақтар шақырылып, «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер», «Ертегі-танымның көзі» тақырыптарында әңгіме өрбіп, шай үстіндегі сыр-сұхбатпен жалғасын тапты. Әңгіме барысында аталарымыз бала тәрбиелеудегі өз тәжірибелерімен бөлісіп, ұл тәрбиелеудегі басты мәселелерге, адами құндылықтарға баулу жолдары туралы сөз қозғаса, әжелеріміз қазақ қауымындағы қыз баланың орны айрықша екенін, қыздың көркіне ақыл-ойы, мінезі сай болуын тілге тиек ете отырып, ұлы Зере мен Айғаным сияқты зерделі де, ұлағатты әжеден аңыз - әңгіме мен жыр - дастан тыңдап өскен бала - өркен жаяр өркениетті елдің ертеңі, болашағының бастау - бұлағы екенін айтты. Пікір алмасу барысында ортақ шешімдер қабылданды.