09
ноябрь
2022
«ЕЛ БОЛАМ ДЕСЕҢ, БЕСІГІҢДІ ТҮЗЕ» ТАҚЫРЫБЫНДА ӨНЕГЕ САҒАТЫ ӨТТІ
Ата мен әженің тәрбиесі ізгіліктің жарығындай бала жүрегін нұрландырып тұрады. Көпті көрген көнекөздердің өмірден алған тәжірибелері мол. Ата мен әже – кемел келешекке ақыл үлестіруші кемеңгерлер. Жас ұрпақты адамгершілікке, парасаттылыққа, имандылыққа тәрбиелеу мақсатында мектеп-гимназияда аталар мектебі мен әжелер мектебі мүшелерінің қатысуымен «Ел болам десең, бесігіңді түзе» тақырыбында өнеге сағаты ұйымдастырылды. 8-10 сынып оқушыларымен өткен өнеге сағаты еркін форматта өтті. Ата-әжелеріміз оқушыларға адам болып қалыптасу жолындағы ізгі қасиеттер туралы сөз қозғай келе, оқушыларды білімді, еңбекқор, мейірімді, сабырлы болуға шақырып, сәттілік тілеп, баталарын берді. «Қариясы бар елдің қазынасы бар» демекші, бір қарияның өзі сарқылмас дариядай, сүйіспеншілік пен ұлттық менталитеттің таптырмас бұлағы. Сол бұлақтан сусындаған баланың жаман болмасы анық.




