НАУРЫЗНАМА ОНКҮНДІГІНІҢ ТӨРТІНШІ КҮНІ-«ШАҢЫРАҚ КҮНІ » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

» НАУРЫЗНАМА ОНКҮНДІГІНІҢ ТӨРТІНШІ КҮНІ-«ШАҢЫРАҚ КҮНІ
15
март
2024

НАУРЫЗНАМА ОНКҮНДІГІНІҢ ТӨРТІНШІ КҮНІ-«ШАҢЫРАҚ КҮНІ

Шаңырақ - киіз үйдің ең жоғарғы әрі маңызды бөлігі, күмбез тәрізді дөңгелек шеңбер. Шаңырақ керегеге байланған уықтардың ұшын біріктіріп ұстап тұрады. Шаңырақ киіз үйге жарық түсіріп, пештің түтінін сыртқа шығарады.
Қазақ халқы үшін "шаңырақ" сөзі қастерлі ұғым. Бір сөзге бірнеше ұғым сыйдырған. Ертеде халық санын шаңырақ арқылы анықтаған. Бір отбасыны бір шаңырақ деп есептеген. Атадан балаға қалған үйді "қара шаңырақ" деп кие тұтқан. Үйдің жасы үлкендері енші алып, бөлек үй болып кеткенде кенже ұл әке қолында қалып, қара шаңырақ иесі атанады. 
Жас жұбайлар  отау құрғанда "шаңырақ көтерді" дейді және оларға "шаңырақтарың биік болсын, берік болсын, шаттыққа толсын" деп тілек айтады. Дауласпақ болған адамдарға "шаңыраққа қараңдар", "шаңырақты сыйлаңдар" деп тоқтау сөздер айтқан.
Шаңырақ Қазақстанның Елтаңбасында бейнеленген. Онда "Шаңырақ: Әлемнің тұтастығын, ошақтың амандығын, білдіреді, бүкіл қазақ елі үшін тіршіліктің, шексіз өмірдің нышаны" делінген.
🔸Шаңырақ күні құтты болсын !
Әрбір шаңырақ шаттыққа толы болсын. Шаңырақтарымыз көркейіп, кеңейе берсін. Шаңырағымыздан отау үйлер өрби берсін. Киелі ШАҢЫРАҒЫМЫЗДЫҢ  түтіні түзу шығып, оты сөнбесін.